Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Буын подаграсына шалдыққан": Шымкент зообағында кесірткеге ота жасалды

Жарияланған күні:

Сұр келес
Сұр келес. Видеодан скриншот: instagram.com/shymkentzoo

Шымкент зообағын мекендеушілердің бірі – "сұр келес" кесірткісіне сәтті ота жасалды. Ол буын ауруына шалдыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент зообағына сілтеме жасап.

Шымкент зообағының "Терариум" бөліміндегі бауырмен жорғалаушы "сұр келес" кесірткесіне операция жасалды.

Сұр келеске сәтті операция өткізілгеннен кейін, арнайы емдік іс-шаралар жасалып жатыр. Сұр келес бауырымен жорғалаушыларға жиі кездесетін ауру – буындардың подаграсымен ауырады. Бұл ауру іріңді жаралармен және метаболикалық бұзылулардан туындауымен сипатталады.

"Бауырымен жорғалаушылардың подаграсы – емделмейтін ауру. Ветеринарлық дәрігелер аурудың асқынбауына бақылау жүргізе отырып, емдік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп жатыр", - делінген зообақтың хабарламасында.

Қазіргі уақытта сұр келестің тәбеті жақсы және өзін жақсы сезінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153373-buyn-podagrasyna-shaldyqqan-shymkent-zoobagynda-kesirtkege-ota-zhasaldy-video/