jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жаздың соңғы күндерінде елімізде ауа райы қандай болады

Әйел қолшатыр ұстап кетіп бара жатыр
Қолшатыр ұстаған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады деп болжанды. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жаңбыр күтіледі.

Еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында дауыл мен бұршақ жауады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман болады деп болжанды.

Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • күндіз батыс аймақтарда +27...+35 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыс аймақтарда +20...+30 градусқа дейін;
  • солтүстікте +17...+25 градусқа дейін;
  • орталықта +18...+28 градусқа дейін;

Ал елдің шығысында негізгі температураның фоны +18...+28 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасының +22...+30 градус жылыға дейін төмендейді.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте жаздың соңғы аптасына ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Жаздың соңғы күндерінде елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.