Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орны бұзылып жатыр

Жарияланған күні:

Нысанды бұзу сәті. Фото
Нысанды бұзу сәті. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Қалқаман шағын ауданында заңсыз салынған тағы бір көлік жуу орны бұзылып жатыр. Оның иесі нысанды рұқсатсыз тұрғызған, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалқаман ықшамауданындағы Төле би көшесіндегі нысанды иесі рұқсатсыз тұрғызғаны анықталды. Осыған байланысты Алматы қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы Әуезов аудандық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз берген.

11 қаңтарда талап арыз қанағаттандырылды. Нысанды бұзу бір күн бұрын Әділет департаментінің сот орындаушыларының көмегімен басталды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда сот шешімімен тағы бір тұрғын үйдің кешені сүріліп жатқаны туралы жазған едік.

Нысан Ерменсай шағын ауданында салынған. Үш жер телімінде рұқсат құжаттарының болмауына байланысты үй бұзылуда.

Сот шешіміне апелляциялық шағым түсірілген, алайда 2023 жылғы 19 қазанда апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Нысанды сүру 29 шілдеде басталып, оғңан Әділет департаментінің сот орындаушылары қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2153997-almatyda-zangsyz-salyngan-kolik-zhuu-orny-buzylyp-zhatyr/