jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматыда сот шешімімен тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр (видео)

Тұрғын үйді бұзу. Фото
Тұрғын үйді бұзу. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда тағы бір заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл нысан Ерменсай шағын ауданында салынған. Үш жер телімінде рұқсат құжаттарының болмауына байланысты үй бұзылуда.

"2023 жылғы 20 қаңтарда басқарма тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылдады, ал кейінірек Бостандық аудандық сотына сүруге талап арыз берді. Өткен жылдың 24 шілдесінде аудандық соттың шешімімен басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Сот шешіміне апелляциялық шағым түсірілген, алайда 2023 жылғы 19 қазанда апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Нысанды сүру 29 шілдеде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Ведомство өткен жылдың басынан бері 40 заңсыз нысан толығымен немесе жартылай бұзылғанын атап өтті.

Алматыда сот шешімімен тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.