jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысына келетін туристер дәретхана мен сапасыз қызметке шағымданады

Дәретхана
Дәретхана. Фото: gov.kz

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, туристерді тартудың бірден бір жолы – оларға сапалы қызмет көрсету. Себебі, мұнда келетін туристердің көпшілігі дәл осы қызмет көрсету мен әжетхана мәселесіне шағымданады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің сайтында хабарланғандай, Түркістан облысына келуге қызығушылық танытатындар қатары күн санап артып келеді. Түркі әлемінің туристік астанасы атанған киелі өңірде соған сай жобалар қолға алынбақ. Ақсап тұрған сала – сервис. Тазалық мәселесі тағы бар. Облыс басшысы ең алдымен осындай кемшіліктерді түзеп алуды тапсырды.

"Әлемнің танымал музейлерінде смартфондарға орнатылған электронды аудиогидтар пайдаланылады. Бұл Түркістанға үлгі болуы керек. Сондай-ақ электрокарлар жұмысын реттеу, жүргізушілеріне экскурсиялық кітапшалар тарату, оқытудан өткізу, маршрутын бекіту қажет", - деді облыс әкімі.

Салаға жауаптылар Түркістанға келушілер қызмет сапасы мен әжетхана мәселесіне шағымданғанын жасырмады.

Жалпы жыл басынан бері өңірге 15 мың шетелдік турист келген. Өңірдегі нысандарға негізінен Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары барады. Аптасына 25-30 тур ұйымдастырылып, мыңнан аса адам экотуризм мен киелі аймақтарды тамашалайды. Әлемдік тенденцияны ескере отырып, туризмді дамыту барысында экологиялық таза жобалар қолданылады.

Түркістан облысына келетін туристер дәретхана мен сапасыз қызметке шағымданады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.