jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда туу туралы куәлік өзгертілуі мүмкін

Туу туралы куәлік
Туу туралы куәлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әділет министрлігі туу туралы куәліктің форматына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Құжатта реттік нөмір жазылады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тиісті бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Онда Әділет министрлігінің туу туралы куәліктерді қорғау талаптарын бекітетін бұйрыққа өзгерістер енгізелетіні жазылған.

"Туу туралы куәлік бланкісінде реттік нөмір болады" деген тармақ бұйрыққа енгізіледі делінген қаулы жобасында.

Құжат 12 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының тұрғыны туу фактісі белгіленген тәртіппен тіркелмегендіктен, 25 жыл құжатсыз өмір сүргенін жазған болатынбыз. Аудандық прокуратураның көмегімен ер адамға сот арқылы туу туралы куәлік пен жеке куәлік берілген еді.

Жыл басында Қостанай облысының тұрғыны 30 жыл бойы құжатсыз өмір сүргені, сол себепті әлеуметтік және медициналық көмек ала алмағаны хабарланған болатын. Полицейлер оған жеке куәлік алуға көмектесті.

Қазақстанда туу туралы куәлік өзгертілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.