Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түркістан облысында аммиак тиелген вагон рельстен шықты": осындай сценариймен оқу-жаттығу өтті

Жарияланған күні:

Цистерна вагоны
Цистерна вагоны. Фото: ontustiktv.kz

Төтенше жағдайлар департаменті "пойыз цистернасынан өрт шығып, аммиак сұйықтығы тиелген жүк вагоны рельстен шығып кетіп аударылды" деген сценариймен оқу-жаттығу өткізді.

"Оқыс жағдай Леңгір тасжолындағы Қазығұрт станциясында болды. Апат салдарынан теміржолшылар зардап шекті", - делінеді оқу-жаттығу сценарийінде.  Айтып келмейтін апатқа күш пен құралдың қабілеті тексерілді.  

Апат болған аймақ дереу оқшауланып, радиусы 100 метрге дейінгі аралықта қозғалыс тоқтатылды. Аммиак төгілген аумақтың ауа құрамын алдымен эпидемиолог мамандар зерттеп шықты. Төгілген сұйықтық жоғарғы температурада жарылғыш келгендіктен өрт сөндіру қызметі көбікті оқпан қолданып, қызыл жалынның алдын алды.

Қазығұрт станциясында орын алған апат төтеншеліктердің алдын-ала жазылған сценариімен ұйымдастырылды. Осылайша департамент өз қызметкерлерінің біліктілігін пысықтап, оқыс жағдайға дайындығын тексеріп алды.

Айтып келмейтін апатқа әрбір құрылым тас-түйін дайын тұруы керек. Ал Қазақстан темір жолы жүк тасымалдау бөлімінің мамандары кез келген оқыс жағдайға әзірміз деді. Олар жыл басынан бері адам шығынына ұшыратқан дерек тіркелмегенін айтады.

Қазақстан темір жолының Шымкент бөлімшесінде 38 станция бар. Барлығында қауіпсіздік шарасы сақталған. Арнайы құрылғылар да орнатылған. Тілсіз жау орын алған жағдайда қызыл жалынды ауыздықтауға 1 өрт сөндіру пойызы сақадай дайын тұр.    

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155120-turkistan-oblysynda-ammiak-tielgen-vagon-relsten-shyqty-osyndai-stsenariimen-oqu-zhattygu-otti/