Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық полицейлер көшелердің жабылуына байланысты тұрғындарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматылық тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына ертең, 30 тамызда кейбір көшелер жабылатынын ескертіп, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 30 тамызда сағат 09.30-дан 11.00-ге дейін Сәтбаев көшесі бойымен Луганский көшесінен Достық даңғылына дейін, сондай-ақ, Достық даңғылы бойымен Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін қысқа уақытқа жол жабылады.

"Осыған байланысты, Алматы қаласының полициясы халықты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады", - делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Қалдаяқов көшесінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін, осыған байланысты автокөлік қозғалысына шектеулер енгізілетінін жазған едік.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, 29 тамыз сағат 23:00-ден 31 тамыз сағат 11:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

30 тамыз сағат 23:00-ден 1 қыркүйек сағат 11:00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі. Зенков, Ришат және Муслим Абдуллин көшелері бойымен айналма жол қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155149-almatylyq-politseiler-koshelerding-zhabyluyna-bailanysty-qala-turgyndaryna-undeu-zhasady/