jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматыда көшелердің бірінде бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы Қалдаяқов көшесінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты автокөлік қозғалысына шектеулер енгізіледі. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қалдаяқов көшесінің учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, 29 тамыз сағат 23:00-ден 31 тамыз сағат 11:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Айналма жол Гоголь және Төле би көшелерінің бойымен, сондай-ақ қатарлас Ришат және Мүслім Абдуллин, Зенков, Қайырбеков көшелері бойымен ұйымдастырылады.

30 тамыз сағат 23:00-ден 1 қыркүйек сағат 11:00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі. Зенков, Ришат және Муслим Абдуллин көшелері бойымен айналма жол қарастырылады.

Жөнделген учаскеде ескерту белгілері мен мердігер басшысының байланыс ақпараты бар стендтер ілінеді.

Алматыда көшелердің бірінде бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.