Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырған екі азамат көше сыпыратын болды

Жарияланған күні:

Тикток логотипі
TikTok логотипі. Көрнекі фото: Budrul Chukrut / SOPA Images / LightRocket / Getty Images

Қызылордада әлеуметтік желіде заңсыз ойын ұйымдастырған екі азамат сотталды. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлайды.

Бұл бағытта Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде әлеуметтік желіде заңсыз ойын ұйымдастырған екі адамның жолын кесті.

Күдіктілер 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ТікТок әлеуметтік желісі арқылы желі қолданушылары арасында "Зарик" заңсыз құмар ойынын ойнатқан.

Бәс тігу мөлшері 3 000 теңге және одан жоғары сомада болған. Қаржыны күдіктінің бірі өзінің қылмыстық ойынан бейхабар әкесі мен анасы, әйелінің есепшотына қабылдап отырған.

"Сотталушылар 2023 жылғы 1 қыркүйек пен 2024 жылғы 28 мамыр аралығында 12 031 371 теңге iрi мөлшерде табыс тапқан. Тергеу барысында күдіктінің бірінің үйіне тінту барысында 5 ұялы телефон, 1 калькулятор, үстел бетінен ойыншылардың тізімі және аккаунттар жазылған парақтар табылды.

Сондай-ақ TikTok жазуы бар 2 қауашақ, ойын картасын тарату аппараты және өзге де заттар тәркіленді. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін екі адамның Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі 2, 3-тармағымен мүлкін тәркілеусіз 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеліп, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды", — деп мәлім етті ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2155335-tiktok-ta-zangsyz-oiyn-uiymdastyrgan-qyzylordalyq-eki-azamat-koshe-sypyratyn-boldy/