jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр мен найзағай: жаздың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы жаңбыр
Алматыдағы жаңбыр. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазгидромет" РМК 31 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жалпы, өңірлерде желдің екпін алуы жиі тіркеледі деп күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман болады деп болжанады, - делінген хабарламада.

Абай, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңбыр мен найзағай: жаздың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.