Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қаңлы мәдениетіне тиесілі жәдігерлер табылды (фото)

Жарияланған күні:

Қаңлы мәдениетіне тиесілі жәдігерлер
Қаңлы мәдениетіне тиесілі жәдігерлер. Фото: t.me/ madeniet_aqparat_ministrligi

Түркістан облысы аумағынан қаңлы мәдениетіне тиесілі жәдігерлер табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратына сүйенсек, орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіште далалық зерттеу жұмыстарын аяқтаған.

Зерттеу объектісі Қызылкөл тарихи-мәдени нысанда орналасқан ғибадатхана және екі қорған болған. Нәтижесінде қаңлы мәдениетіне қатысты, біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды.

Қазба жұмыстары кезінде ірі қара және ұсақ малдың сүйектері мен мүйіздері, тас дәнүккіш, келі, диірмен тағы басқа еңбек құралдарының бөліктері, қыш ыдыс тұтқалары, киімге арналған түйме фрагменттері алынған.

Ғибадатхананың батыс бөлігінде ашылған бөлменің ішінде 60 сантиметр тереңдікте ғұрыптық бұйым (курильница) ыдысының кішкене бөлігі сақталған цилиндр пішінді, табаны жайпақ тұғыр табылды.

Министрлік мәліметінше, ескерткіштің биік таулар мен көлдерге жақын орналасуы, ғибадатхананың ерекше құрылымы мен табылған жәдігерлердің түрлері құрылыстың ғұрыптық ғибадатхана ретінде пайдаланылғанын көрсетсе, тас құралдар егіншіліктің, атап айтқанда, егін жинаудың дамығанын көрсетеді.

Алдағы уақытқа орталық музей археологтары Қазақстанның көне тарихының жаңа парақтарын аша отырып, еліміздің әр өңіріндегі тарихи нысандарда архологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156260-turkistan-oblysynda-qangly-madenietine-tiesili-zhadigerler-tabyldy-foto/