Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар жауып, үсік жүреді: алдағы күндері Қазақстанда күн күрт суытады

Жарияланған күні:

Қар
Қар. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктер ақпаратынша, 3-5 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, найзағай ойнап жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда қатты жаңбыр жауып, 3 қыркүйек түнде елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.

Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі:

  • республиканың солтүстік-батысында,солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін,
  • оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156295-qar-zhauyp-usik-zhuredi-aldagy-kunderi-qazaqstanda-kun-kurt-suytady/