Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 мыңға жуық шымкенттік тұрғын өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмектен қағылған

Жарияланған күні:

Қолында дәрі ұстап тұрған әйел
Дәрі. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте он екі бас дәрігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекті алмаған", делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Бақылау қорытындысы бойынша 3915 науқас дәрі-дәрмек алған. Осылайша 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы "Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы қағидаларды бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Медициналық мекемелерден 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156817-4-myngga-zhuyq-shymkenttik-turgyn-ozderine-tiesili-tegin-dari-darmekten-qagylgan/