Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы аудандардың бірінің әкімі ұсталды

Жарияланған күні:

Бағдат Қарасаев. Фото
Бағдат Қарасаев. Фото: gov.kz

Желіде Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қызмет бабын және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ақпаратты растаймыз", - деп қысқаша жауап берді NUR.KZ тілшісіне cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Іле ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Бағдат Қарасаев 1964 жылы 12 маусымда дүниеге келген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын тәмамдады. Мамандығы – теміржол инженері.

Еңбек жолын кәсіптік техникалық училищесінде мұғалім болып бастап директорға дейін көтерілген

"Алаколь-Агро" ЖШС, "ТSС-Агро" ЖШС, "Компания "Тау-Самал Ltd." ЖШС және "Қайыңды" ЖШС директоры, Алакөл ауданының әкімінің орынбасары, Алакөл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, Талдықорған қаласының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болған.

2018 жылдың қыркүйек айынан Алматы облысы Іле ауданын басқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156947-almaty-oblysyndagy-audandardyng-birining-akimi-ustaldy/