jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында әкімнің не себепті ұсталғаны белгілі болды

Бағдат Қарасаев
Бағдат Қарасаев. Фото: instagram.com/bagdat.karasaev

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталуына қатысты мән-жайды баяндады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалар әшкереленгенін растайды.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы аясында өзге ақпараттар жариялауға жатпайды", - деп атап өтті агенттіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, Іле ауданындағы қоқыс полигонының қызметін бірлесіп тексеру нәтижесінде әкім сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қамауға алынған.

"Алматы облысының прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданында орналасқан полигонның қызметін бірлесіп тексеруді аяқтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылғы 3 қыркүйекте әкім Қарасаев сыбайлас жемқорлыққа күдік бойынша ҚР ҚПК-нің 128-131-бабы тәртібінде ұсталды.

Оған кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, мемлекеттік мүддеге зиян келтіретін қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану бойынша айып тағылды", - деп мәлімдеді Алматы облысы прокуратурасының өкілдері.

4 қыркүйекте прокуратура қылмыстық іс материалдарын қарау және бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберген.

Еске салсақ, 4 қыркүйекте желіде Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қызмет бабын және өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері ақпаратты растады.

Алматы облысында әкімнің не себепті ұсталғаны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.