Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бюджет қаражатын ұрлаған деп күдікке ілінген "ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы төрағасының ісі сотқа жіберілді

Жарияланған күні:

Қылмыстық іс бойынша құжаттар
Қылмыстық іс бойынша құжаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бюджет қаражатын ұрлаған деген күдікке ілінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасына қатысты істі трегеу аяқталды. Бұл туралы Бас прокураратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталған. Олар Есіл өзені арқылы көпір салумен "Жақсы-Есіл – Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

"Тергеу нұсқасы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты.

Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады", - делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ компаниясының бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156974-biudzhet-qarazhatyn-urlagan-dep-kudikke-ilingen-qazavtozholdyng-buryngy-toragasynyng-isi-sotqa-zhiberildi/