Елімізде алдағы күндері жаңбыр, қар жауып, үсік жүреді деп болжанды
Жарияланған күні:
5-7 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы боалды. Бұған қоса кей өңірлерде үсік жүреді деп болжанды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.
7 қыркүйекте түнде елдің шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында антициклон жотасымен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Болжам бойынша, елімізде желдің күшеюі байқалады. Солтүстік және шығыс аймақтарда таңертең және түнгі уақытта тұман түсіп, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік байқалады.
Еск салсақ, бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде жаңбыр жауатынын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2156997-elimizde-aldagy-kunderi-zhangbyr-qar-zhauyp-usik-zhuredi-dep-bolzhandy/