Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО халқы бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды сұрады: министр тұрғындар өтінішіне пікір білдірді

Жарияланған күні:

Сағаттар
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұрынғы уақытты қайтару жөніндегі тұрғындар талабына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер министрден депутат Ұлықбек Тұмашиновтың депутаттық сауалына қатысты қандай шешім қабылданатынын сұрады. Депутат Тұмашинов өңірге сапарында халық уақыт белдеуіне наразы екенін айтқан. Депутат министрге шешім ретінде Шығыс Қазақстанға бұрынғыдай қысқы уақыт және жазғы уақыт жүйесін қайтаруды ұсынған еді.

"Шығыс Қазақстанға шілдеде бардым. Петицияны қарап, жұмыс тобы уақыт белдеуін қайтармау туралы шешім қабылдады. Денсаулыққа қатысты шешімдер ғылыми зерттеу арқылы анықталады. Денсаулық сақтау министрлігі үш жылдан кейін өзгерту туралы шешім ұсына алады. Сол кезде ұсыныс ретінде оны қарастыруға болады. Бізде ондай тәжірбие болды", - деп жауап берді министр.

Еске салсақ, биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.

Бұған дейін 2 тамызда Астанада бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция бойынша шешімнің жобасын қоғамдық талқылау өтетіні хабарланған еді.

Сауда және интеграция министрлігі петицияны қараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157060-shqo-halqy-buryngy-uaqyt-beldeuin-qaitarudy-surady-ministr-turgyndar-otinishine-pikir-bildirdi/