Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақта орынсыз әзілдеген қазақстандық қамауға алынды (видео)

Жарияланған күні:

Төлқұжат және ұшақ
Төлқұжат және ұшақ. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде жолаушының орынсыз әзіліне байланысты Алматы-Орал рейсінің кешіктірілгені туралы ақпарат тарап жатыр. Аталған оқиғаға қатысты көліктегі ПД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұшақ бортында түсірілген видео Instagram желісіндегі newscorr парақшасында жарияланды. Аталған жайт Алматы-Орал рейсінің жолаушыларын отырғызып жатқанда болған.

"Әуе рейсінде жолаушының орынсыз әзіліне қатысты жағдай туындады. Жас жігіт әлеуметтік желіге видео жүктеген, бірақ оның әрекетінің салдарынан рейс кешіктірілді. Бортқа әуе күзетінің өкілдері шақырылды, олар тексеру үшін кинологтарды ілестіріп келді. Жолаушы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұсталды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Аталған видеоға қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Құқыққорғаушылар оқиғаның 1 қыркүйек күні болғанын хабарлады.

"Лаңкестік жөніндегі көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпараттарды жариялауға рұқсат етілмейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157091-ushaqta-orynsyz-azildegen-qazaqstandyq-qamauga-alyndy-video/