jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

ІІМ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс істейді

тәртіп сақшысы
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, іс-шараның Астанада өтетініне байланысты елордаға ерекше назар аударылып отыр. 3 қыркүйек күні ел астанасында қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны өткен.

ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерген.

Ал қызметкерлер құқықбұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланып отыр.

Осы тұста ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.

ІІМ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.