jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Бас прокурор Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды

Берік Асылов
Берік Асылов. Фото: Бас прокуратура баспасөз қызметі

Бүгін Ақтөбе облысында жоғары сынып оқушылары арасындағы жанжалдан кейін 14 жастағы бала қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бас прокурор аталған жайтқа қатысты істі жеке бақылауына алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Берік Асылов Темір ауданы Қопа ауданында болған оқиғаға қатысты Х желісіндегі парақшасында жазды.

"Ақтөбе облысы Қопа кентінде оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым. Бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты орын алған, нәтижесінде жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірін ұруға мәжбүрлеген",- деді бас прокурор.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында жасөспірімдер арасындағы төбелестен кейін 9-сынып оқушысы көз жұмды. Қайғылы оқиға 2 қыркүйек түнде тіркелген. Аудан әкімдігінің өкілдері жанжал неден шыққаны әзірге белгісіз екенін айтты. Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан оқушылар жауап беріп жатыр. Екі жасөспірім қамауға алынды.

Бас прокурор Ақтөбе облысындағы оқушы өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.