jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Әлішер Сүлейменов ШҚО әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Әлішер Сүлейменов
Әлішер Сүлейменов. Фото: t.me/ shko_resmi

Әлішер Сүлейменов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Telegram-дағы арнасында жарияланды.

Әлішер Асқарұлы 1965 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Ол А.С. Герасимова атындағы (Мәскеу, Ресей Федерациясы) бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын бітірген.

Бұған дейін "Қазақфильм" республикалық шығармашылық өндірістік бірлестігінің бас редакторы, "Хабар Агенттігі" АҚ бас редакторы, "Хабар Агенттігі" АҚ бас продюсері, ЖАҚ "ҚазТрансОйл" қоғаммен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар "Отан" республикалық саяси партиясы баспасөз қызметінің басшысы, "ҚазМұнайГаз" қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының кеңесшісі, ЖШС "NS-Радио-Ұлттық желі" телерадиокомпаниясының бас директорының бірінші орынбасары, "Astar Film" кинокомпаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Әлішер Сүлейменов ШҚО әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.