Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте әкім аппаратының бұрынғы басшысы сотталды

Жарияланған күні:

Ақша және үйдің моделі
Ақша және үйдің моделі. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының бұрынғы басшысы мен сыбайластарына сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында күдіктіге қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы қызмет бабын пайдалана отырып ысырап ету және аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін топ адаммен ұрлау, аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралған.

Сот 2019 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы М. өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС директоры Б. және құрылтайшысы К. бірге қылмыстық мақсатта әкімдіктің бюджет қаражатын жымқыруды көздегенін анықтады.

"Олар тұрғын үй аулаларын абаттандыруға арналған сметалық құжаттарды (қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, орындықтар, ойын және жаттығу алаңдары) материалдардың құнын асыра отырып әзірлеу арқылы шамамен 700 млн теңге көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етті", - деді сотта.

Өз кезегінде, К. ұйымдастырушы ретінде Б.-мен бірге декларацияларға әдейі бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық төлеуден жалтаруды ұйымдастырып, мемлекетке 194 млн теңгеден астам зиян келтірген.

"Сонымен қатар, Б. салық органдары алдындағы қарызын жасыру мақсатында 130 млн теңгеден астам сомаға банк кепілдігін жасау үшін банк фирмалық бланкін қолдан жасаған", -делінген сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыларға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал сотталушылар өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұраған.

Жоғарғы сот заң бойынша жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін негізгі жаза ретінде жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгенін атап өтті.

Сотталушылардың кінәсі сотта зерттелген дәлелдемелермен дәлелденді.

Сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты әрқайсысына қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, күдіктіні өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Сондай-ақ, Б. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылды, қылмыстық іс бұл бөлікте тоқтатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Шымкенттегі әкімдік қызметкері осыдан бір жыл бұрын ұсталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157426-shymkentte-biudzhet-qarazhatyn-asa-iri-molsherde-zhymqyrgan-akimdik-qyzmetkeri-sottaldy/