jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Астанада жылыту маусымы қашан басталады

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pxhere.com

Астанада жылыту маусымы қашан және қандай ауа райы жағдайында басталатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы бес тәулік бойы +10 °С және одан төмен болған жағдайда басталады",-делінген Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгін, синоптиктердің мәліметінше, Астанада өткінші жаңбыр жауады.

Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін көтеріледі, түнде 7 градусқа дейін төмендейді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы елордада жылу қазанның басында қосыла бастады. Алдымен бірқатар әлеуметтік нысан жылуға қосылды, ал бірнеше күннен кейін қаланың қалған ғимараттарға жылу берілді.

Астанада жылыту маусымы қашан басталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.