Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойындары кезінде маймыл шешегінің алдын алу үшін қандай шаралар қабылданды

Жарияланған күні:

Анализі бар пробирканы ұстап отырған дәрігер
Мейірбике. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде қауіпті инфекциялар елде тіркелген жағдайда нысандар мен бригадалар толық дайындыққа келтірілген. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство ақпаратынша, әлемде маймыл шешегіне қатысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты республика бойынша барлық өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген.

"8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында күдікті пациенттермен қауіпті инфекциялардың елге әкелінуі мүмкін болатын жағдайға денсаулық сақтау объектілері, шұғыл медициналық көмек бригадалары және инфекциялық стационарлар толық дайындалды.

Дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорлары қамтамасыз етілді. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары қажетті диагностикалық тест жүйелерімен жабдықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылануда. Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Комитет халықты алдын алу шаралары туралы үнемі хабардар етуде және гигиенаның негізгі ережелерін сақтауды ұсынады.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада өтетін Көшпенділер ойындарының билеттері қанша тұратынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2157790-koshpendiler-oiyndary-kezinde-maimyl-sheshegining-aldyn-alu-ushin-qandai-sharalar-qabyldandy/