Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майқайыңдағы" автобус апаты: қаза тапқан құтқарушының отбасы компаниядан 120 млн теңге өндірді

Жарияланған күні:

"Майқайыңалтын" АҚ аумағында жұмыстар жүргізіп жатқан ТЖМ қызметкерлері
"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы жұмыстар. Фото: ТЖМ ресми сайты

"Майқайыңалтын" шұңқырына құлаған автобус апаты кезінде қаза тапқан құтқарушының төрт туысына 30 миллион теңге төленеді. Бұл туралы Павлодар облыстық сот ресми сайтында хабарлады.

Қайғылы жағдай биыл 4 қаңтарда "Майқайыңалтын" АҚ аумағында болған. Үш құтқарушы мен жүргізушісі бар автобус шұңқырға құлап кеткен.

Қаза тапқандар "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС-нің қызметкерлері. Сот ақпаратынша, тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100%, жұмыскерлердің кінәсі 0% екені анықталған.

Қайтыс болған құтқарушы Т.-ның анасы, қызы, ұлы және әпкесі қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның қайтыс болуына байланысты моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

"Моральдық зиян олардың моральдық азап шегуінен, ұлынан, әкесінен, ағасынан айырылуының ауырлығынан, жерлеу кезінде онымен қоштасуға мүмкіндік болмауынан, жұмыс берушінің көңіл айтып, қолдау көрсетпеуінен болып отыр.

Сот болған жазатайым оқиғаға жұмыс берушінің 100% кінәсін негізге ала отырып, қайтыс болған құтқарушының туыстарының талаптарын толық көлемде қанағаттандырып, әрбір туысының пайдасына қойылған талап көлемінде 30 000 000 теңгеден, жалпы сомасы 120 миллион теңге моральдық зиянды өндірді", - делінген хабарда.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2024 жылғы қаңтарда Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ аумағында автобу шұңқырға құлап кетті. Оның ішнде "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС үш құтқарушысы мен бір жүргізушісі болған.

Қаңтар айында шұңқырдан екі құтқарушының денесі жер бетіне шығарылды. Сондай-ақ үшінші құтқарушы мен автобус жүргізушісін іздеу жалғасып, кейін тоқтатылды.

19 шілдеде 70 метр тереңдіктен құтқарушының денесі табылды.

Ал 25 шілдеде шұңқыр аумағынан құлаған автобус табылған. Әкімдік өкілдері көлік құралының алдыңғы бөлігіне бару мүмкін болғанын, бампері мен дөңгелегі көрінгенін хабарлады. Сол күні жоғалған төртінші адамның денесі 75 метр тереңдіктен табылды.

Кейін Астана сотында Павлодар облысында шұңқырға құлап кеткен автобус апатына "Майқайыңалтын" АҚ кінәлі екені расталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158027-maiqaiyngdagy-avtobus-apaty-qaza-tapqan-qutqarushynyng-otbasy-kompaniiadan-120-mln-tengge-ondirdi/