Маңғыстау облысында уланған оқушылар саны 140 адамнан асты
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылында уланған оқушылар саны 140 адамнан асты, олардың 82-сі емханада емделуде. Бұл туралы "Lada.kz"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, дәрігерлер оқушылардың жағдайын толығымен бақылауда. Қазіргі уақытта 141 бала медициналық көмекке жүгінді.
"Клиникада 82 бала емделуде. Үйде 43 бала, 16 бала ауруханада жатыр. Төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар", - деп хабарлады Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалғанын хабарлаған едік. Олардың ата-аналары шағым түсірген. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берген еді.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында балалардың жаппай улануына қатысты пікір білдірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158696-manggystau-oblysynda-ulangan-oqushylar-sany-140-adamnan-asty/