Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыз ұлымды әскерге бердім": Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесі видеоүндеу жолдады

Жарияланған күні:

алматы әскер11
Сарбаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесі қорғаныс министріне жан-жақты тергеу жүргізуді талап еткен видеоүндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram қолданушысы Дамир Көшеевтің парақшасында өзін Маңғыстауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі сарбаздың әкесімін деп таныстырған азаматтың видеоүндеуі жарияланды.

триггерді тартуыңыз керек Қазақстан Республикасы бұл іс тығырыққа тірелмеу үшін оны жан-жақты зерттедіс (... Ол жалғыз ұлын әп

"Менің түсінігім бойынша, мылтықты ату үшін патронды патроннике қойып, сақтандырғыштан алып тастап, шүріппені басу керек. Бұл ойыншық емес және бұл офицер онымен ойнаған жоқ. Қорғаныс министрінен іс тығырыққа тірелмей, оны мұқият зерделеуін сұраймын. Оқиға кездейсоқ болған жоқ (...). Жалғыз ұлымды әскерге жіберіп, мәйітін алып тұрмын", - деді ер адам видео хабарламасында.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске салсақ, 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды. Әкери полигонда мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, көз жұмғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158741-zhalgyz-ulymdy-askerge-berdim-manggystauda-qaza-tapqan-merzimdi-qyzmettegi-sarbazdyng-akesi-videoundeu-zholdady/