Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да шенеуніктер 1,4 млрд теңге сомасында заңсыз келісімшарттар жасаған

Жарияланған күні:

Фото
Қол алысып тұрған ер адамдар. Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысында шенеуніктер бір көзден заңсыз келісімшарттар жасаған. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ШҚО прокуратура органдары төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдады.

Талдау нәтижесінде прокурорлар 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісімшартты анықтаған.

Осы шарттарды жасау кезеңінде төтенше жағдай жарияланбағаны, тиісінше, бір көзден шарттар жасасуға негіз болмағаны анықталған.

Атап айтқанда, ЖАО қарды шығару, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алды.

"Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2158944-shqo-da-sheneunikter-bir-kozden-zangsyz-kelisim-sharttar-zhasagan/