Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл елдің қай өңірінде ең көп неке тіркелді

Жарияланған күні:

Ерлі-зайыптылар
Ерлі-зайыптылар. Көрнекі фото: freepik.com

2024 жылдың сегіз айында некеге тұрғандардың көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Түркістан облысында тіркелген. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" порталында хабарланды.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, биыл 8 айда елімізде 43 мың жұп некелесіп, 265 мың сәби дүниеге келген.

Осы уақыт ішінде некелескендердің ең көбі Алматы қаласында тіркелді. Мегаполисте 14 059 жұп некесін қиған. Ал Астанада 9 258 жұп некеге тұрса, Түркістан облысында 6 132 неке заңдастырылған.

Ажырасу санынан да Алматы мен Астана көш басында тұр. Жыл басынан бері екі мегаполисте 13 710 отбасы ажырасуға өтініш берген.

Сонымен қатар биыл сегіз айда мына өңірлерде туу көрсеткіштері көп тіркелген:

  • Түркістан облысында – 30 973;
  • Алматыда – 29 002;
  • Шымкентте – 23 935;
  • Астанада – 23 330 бала өмірге келген

Ал Ұлытау облысы – 2 821, Солтүстік Қазақстан облысы - 4 313 көрсеткіштерімен туу көрсеткіші төмен өңірлер болып есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159334-biyl-elding-qai-ongirinde-eng-kop-neke-tirkeldi/