Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір ғана құжат жетіспейді": Шымкентте жиырмаға жуық отбасы баспанасыз қалуы мүмкін (видео)

Жарияланған күні:

Жер дауы.
Шымкенттегі жер дауы. Видеодан скриншот: otyrar.kz

Шымкентте жиырмаға жуық отбасы заңды жерге салған үйлерінен айырылуы мүмкін. Оған мұрағатта маңызды құжат — облыс әкімдігінің жер бөлу туралы алғашқы шешімінің болмауы себеп, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның ресми сайтында хабарланғандай, Шымкент тұрғыны өзіне тиесілі жерлеріне құқығын қорғап жатыр. 20 жыл бұрын бірнеше гектар жерді сатып алған ол жерде қазір 20-ға жуық отбасы тұрады. Азаматтың қолында оның құқығын айқындайтын құжаттары, соның ішінде облыс әкімдігінің жер бөлу туралы алғашқы шешімі бар. Алайда уақыт өте облыстық мұрағаттан қалалық мұрағатқа тапсырылуы тиіс құжат жоқ болып шықты.

Елікпай Сапақов жастайынан ұжымшарда жұмыс істеген. 2004 жылы ол жер үлесін алып, екі жылдан кейін 2 гектардан астам жерді жекеменшікке сатып алып, кейін учаскелерді мұрагерлер арасында бөлген. Уақыт өте келе олардың кейбіреулері сатылған. Қазір мұнда 20-ға жуық отбасы тұрады. Бас жоспар бойынша учаскелер "Жеке тұрғын үй құрылысын" жүргізуге берілген, адамдар мұнда үйлер салып, коммуникациялар жүргізді. Енді 20 жылдан кейін құзырлы орган қала тұрғындарынан бұл жерлерді қайтармақ. Себебі мұрағатта маңызды құжат — облыс әкімдігінің жер бөлу туралы алғашқы шешімі жоқ. Сондықтан прокуратура енді заңсыз басып алынған учаскелерді мемлекет пайдасына алуды көздеп отыр.

"Олар біздің 1611 нөміріндегі құжатымызда тағы бір құжат бар дейді. Бізде барлық құқығын растайтын құжаттар бар, ол БТИ-де, архитектурада тіркелген, барлық жерде тіркеу бар, құжаттар жаңартылған. 20 жыл өтті, құжаттардың ескіру мерзімі өтті, бірақ соған қарамастан, жағдай осылай өрбіп жатыр", - дейді тұрғын Оразалы Кенжебеков.

Сараптама мөр мен қолдың түпнұсқа екенін және жер учаскесіне мөр де, қойылған қол да Түркістан облысына тиесілі болған кезде Сайрам аудандық әкімдігінде қойылғанын растап отыр.

"Бұл жерлер жекеменшікке сатып алынды. Олар сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған, онда құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тексеріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариуста куәландырған", - дейді заң кеңесшісі Ақтоты Өмірбекова.

Тұрғындар Сайрам аудандық әкімдігіне бірнеше рет жүгінген. Олар екі жыл бойы өз жерлері үшін күресіп келеді. Аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев адамдарға көмектесуге уәде берді.

"Біз құжаттарды көтереміз және қажет болса сотқа да барамыз. Мұрағаттардағы құжаттарды көтереміз, мүмкін, журналдарда тіркелген болар, мүмкіндігінше көмектесеміз", - деп уәде берді Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев.

Егер құжаттар болмаса, бұл жердің тұрғындары баспанасыз қалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159485-bir-gana-quzhat-zhetispeidi-shymkentte-zhiyrmaga-zhuyq-otbasy-baspanasyz-qaluy-mumkin-video/