Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда оқушылар жаппай уланды: оқу-ағарту министрі жағдайға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысындағы бастауыш сынып оқушыларының жаппай улануы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министр осы оқиғадан кейін барлық өңірде тексеріс жүргізетін мониторингтік топ жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Министрден журналистер Қазақстанда осындай оқиғадан кейін емес, бұрын неге тексерілмегенін сұрады.

"Мен бұған дейін барлық білім беру ұйымдарында, тамақтандыру ұйымдарында заңнамалық база күшейтілуге тиіс деп айтқан болатынмын. Жергілікті атқарушы органдар қабылданған ережелерді қатаң сақтауы керек. Әрбір білім беру ұйымында комиссиялар бұрын да айына бір рет тексерулер жүргізеді, ал қазір бұл комиссия күн сайын тексеріп жатыр. Өңірлік мониторингтік топтар бар, олар кез келген уақытта шығып, осы жұмысты жүргізуге тиіс", - деді ол.

Министр мониторингтік топтарға барлық өңірде тексеріс жүргізуді тапсырғанын айтты. Комиссияға санитарлық эпидемиологиялық қызметтің және басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері енгізілді.

"Бұл жұмыс тамыз айында жүргізілгенімен, біз мұны тағы да күшейтіп жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдар да, балалар тағамымен айналысатын кәсіпкерлер де заңның барлық талаптарын орындап, оны бұзбауы керек. Сонда бір тәртіпке келеді", - деді Бейсембаев.

"Келеңсіз жайтқа кім жауап береді?" деген сұраққа жауап ретінде министр тексеру әлі жүріп жатқанын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалғанын хабарлаған едік. Олардың ата-аналары шағым түсірген. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында балалардың жаппай улануына қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159620-manggystauda-oqushylar-zhappai-ulandy-oqu-agartu-ministri-zhagdaiga-pikir-bildirdi/