Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайдағы бәсекелестік": Перуашев Садықовқа қатысты оқиғаның жай-жапсарын айтты

Жарияланған күні:

Азат Перуашев
Азат Перуашев: Фото: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер Азат Перуашевтан Асқар Садықовтың партиядан шығарылуы, оның харассментпен айналысты деп айыпталуы жөнінде пікір білдіруін сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Азат Перуашев Асқар Садықовтың партиядан шығарылуына қатысты пікір білдірді, оның айтуынша, зардап шеккен әйел Садықовтың шектен шыққан хаттар жазғанын көрсеткен.
  • Перуашев Садықовпен дос болмағанын, оны бәсекелес ретінде қарастырмағанын айтты және оның қыз-келіншекке жазған хаты үшін жауап беруі керек екенін атап өтті.
  • Перуашев харассмент туралы ақпаратты жариялау себептерін түсіндірді, бірақ зардап шеккен әйелдің құқық қорғау органдарына шағымданғаны туралы ақпаратты растамады.

Журналистер Азат Перуашевтан "Садықов әлеуметтік желіде өзінің кінәсі жоқ екенін, сізді бәсекелесі ретінде өзіне жала жапты деп айыптап отыр. Мұны қалай түсіндіресіз?" деп сұрады.

"Перуашев – диктатор" деп жазып жатыр екен. Кез келген ұйымда тәртіп болуы керек. Зардап шеккен әйел маған өтініш жазды. Садықовтың шектен шыққан хаттар жазғанын көрсетті. Мен үшін мұндай іс өте жиіркенішті. Ол "мен депутатпын, кез келген адамға қалағанымды айта аламын" деп ойласа, ол қатты қателеседі. Біз оны депуттатық мандатынан айырдық, енді зардап шеккен әйел оның үстінен заң аясында арыздана алады", - деді ол.

Перуашев сондай-ақ Асқар Садықовпен қарым-қатынасы туралы айтты. Журналистер "сіздер дос болдыңыздар ма?" деп сұрады.

"Дос деп айта алмаймын. Ол Ақтөбеде болды. Мен орталықта, біз аймақтардағы әріптестерімізге мүмкіндік беріп, оларды парламентке дейін алып келдік. Филиалда өзін жақсы жағынан көрсетті деп сенім білдірдік, сенімді ақтамады. Сондықтан біз құқық қорғау органдарының шешімін күтпей, оны өз арамыздан шығардық. Біз өз-өзімізді тазалайтын партиямыз. Біз әділетсіздікті көргеннен кейін осындай шешім қабылдадық", - деді ол.

Журналистер "Сіз оны бәсекелес көріп, сондықтан осындай қадамға барды деп отыр. Осыған не дейсіз?" деп сұрады.

"Қайдағы бәсекелестік? Ол өзінің дәрежесін білсін. Қыз-келіншекке жазған хаты үшін жауап берсін. Қалғанының бәрі сылтау", - деді ол.

БАҚ өкілдері "Хатты жариялағаннан кейін неге өшіріп тастадыңыз, оны жариялау заңды ма?" деп сұрады.

"Осы хатты маған берген қыз жариялауыма келісім берген еді. Бірақ шу шыққаннан кейін өшіруімді сұрады. Сондықтан оның өтінішіне сәйкес өшіріп тастадым. Осы іске қатысты айтатын болсақ, естеріңізге салайын, Садықовты 1 шілдеде партиядан шығардық. Екі ай бойы іске қатысты ақпаратты жариялаған жоқпыз. Бірақ жалпы отырыстың бірінде журналистер "харассмент" деп айтып, маған сұрақ қойды. Сондықтан бұл туралы ашып айтуға тура келді. Мұндай нәрсені жасыру дұрыс емес. Салтанат Нүкенованың ісі кезінде біз әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты айыптадық. Бірақ өзіміздің айналамызда осындай оқиға болған кезде үнсіз қаламыз, осыған қатысты адамдармен ашық айқасқа түскіміз келмейді", - деді ол.

БАҚ өкілдері "қыз құқық қорғау органдарына шағымданды ма, іс қаралып жатыр ма?" деп сұрақ қойды.

"Ол маған арызданды. Құқық қорғау органдарына шағымдана ма деген сұрақты соған (Садықов – ред. ескертпесі) қою керек, оған жауап бере алмаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160109-harassment-boldy-ma-peruashev-sadyqov-turaly-oqiganyng-zhai-zhapsaryn-aitty/