Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лаура Мерсалимова әділет вице-министрі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Лаура Мерсалимова
Лаура Мерсалимова. Фото: primeminister.kz

Лаура Мерсалимова әділет вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкімет сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Мерсалимова Лаура Қанатқызы әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.

Бүгін Үкімет қаулысымен Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарланған. Бұл қызметте ол 2022 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істеді. Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымын босатқан.

Үкімет сайтындағы мәлімет бойынша, Лаура Мерсалимова 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.   

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі АХАЖ бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — ҚР ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары — ҚР ӘМ департаменті директорының орынбасары.

2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары — "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры.

2024 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР әділет вице-министрі (А. Қ. Мұқанова әлеуметтік демалыста болған кезде).

2024 жылдың қыркүйегінен бастап бұрын осы қызметті атқарған Мұқанова Алма Қайратқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160307-laura-mersalimova-adilet-vitse-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/