Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Сейфуллиннің тегі қате жазылған: Семейде 106 тақтайша ауыстырылатын болды

Жарияланған күні:

Ауылдағы көше
Ауыл көшесі. Көрнекі фото: Stopfake.kz

Семейде көшелердің біріне орнатылған мекенжай белгісінде Сәкен Сейфуллиннің аты-жөні қате жазылған. Осыған қатысты қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі пікір білдірді, деп хабарлайды arnapress.kz ақпараттық порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаңадан орнатылған тақтайшаларда жазушының тегінде бір "л" әрпі түсіп қалғандықтан, 106 тақтайшаны ауыстыруға тура келеді. Осыған байланысты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиісті хат жолданған.

"Семей қаласында Сейфуллин көшесіне жаңадан сатылған маңдайшаларды орнату кезінде техникалық қате анықталды, яғни әдебиет қайраткерінің аты-жөні қате жазылған. "Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Абай ауданы "Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жоғарыда көрсетілген қатені жою туралы хат жолдады", - делінген ведомство хабарламасында.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938) – қазақтың атақты ақыны, жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда көпшілік тыңдауда кейбір көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар талқыланғанын хабарлаған едік. Қоғам ұсынған 30 атаудың 23-і мақұлданды және жетеуі қабылданбады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160439-saken-seifullinning-tegi-qate-zhazylgan-semeide-106-taqtaisha-auystyrylady/