Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда көпшілік тыңдауда кейбір көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар талқыланды

Жарияланған күні:

шенеунік6
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда көпшілік тыңдауда кейбір көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар талқыланды. Қоғам ұсынған 30 атаудың 23-і мақұлданды және жетеуі қабылданбады деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Facebook және Instagram әлеуметтік желісіндегі қалалық әкімдіктің ресми аккаунттарында трансляция жүргізілді.

Негізгі баяндамашылар ретінде жеті спикер сөз сөйледі және  11 адам жарыссөзде өз пікірлерін білдірді. Олардың 17-сі қолдау білдірсе, біреуі тікелей эфирде қарсы сөйледі.

- Бүгінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мен жер мәселелері және қала құрылысы жөніндегі тұрақты комиссия қаланың кейбір көшелерін қайта атау бойынша көпшілік тыңдау өткізеді. Шығармашылық интелегенция өкілдерінен келесі көшелерді қайта атау туралы ұсыныстар түсті: Мир, Ермаков, 29 Ноября, Набережная, Урицкий, Циалковский, Роза Люксембург, Теплов,  Первая Южная, Вторая Южная, Парковая, Донецкая, Кубанская, Совхозная, Таганрогская, Кузнецкая, Ангарская, Орловская, Челябинская, Курская, Читинская, Декабристов, Юннатов, Первых Советов, Вторых Советов, Зыряновская, Лесная, сондай-ақ Железнодорожный кенті ауданындағы үш көше: Сливовая, Центральная және Степная, - деді қалалық мәслихат депутаты Қобланбек Қожин.

Тұрақты комиссиялардың мүшелері бұл көшелерді қайта атау туралы ұсыныс соңғы үш жыл ішінде шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен қаланың басқа да тұрғындары тарапынан түскенін айтып өтті.

- 2019, 2020 және 2021 жылдардағы барлық өтініштер талданды, содан кейін ұсынылған атаулар жалпы талқылауға шығарылды, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.

Онлайн режимінде талқылау барысында қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары сөз сөйледі. Алайда, ережеге сәйкес, дауыс беруге қалалық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясының депутаттары ғана қатысты. Барлығы екі комиссия мүшелерінен тоғыз халық қалаулысы дауыс берді.

Нәтижесінде 23 жаңа көше атауы мақұлданып, жетеуі қабылданбады. Жаңа атаулары көпшілік тыңдауда мақұлданған көшелердің толық тізімі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс хаттамасы  толтырылғаннан кейін жарияланады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыстық мәдениет, тілдер және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова көшелердің атауын өзгерту туралы шешім қабылданатын механизм туралы айтқан болатын.

Көшелердің ұсынылған жаңа атауларының тізімі азаматтардан, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер негізінде қалыптасады, содан кейін өтініштер қала немесе облыс әкімдіктерінде тіркеледі.

Бұдан әрі тіл туралы заңда көшелерге мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және сіңірген еңбегін әлемдік қоғамдастық мойындаған ҚР азаматтарының есімдері ғана берілуі тиіс  екендігі нақты жазылған.

Содан кейін азаматтардың өтініші бойынша мәслихаттарда көпшілік тыңдаулар өткізу жоспарлануда. Оған Павлодар мен облыстың әрбір тұрғыны қатыса алады.

Тыңдаулардың хаттамалық қорытындылары халықтың пікірі ескеріле отырып қабылданатын болады. Одан әрі құжаттар ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссияға жолданады. Оң шешім қабылданған жағдайда мәселе облыстық мәслихат сессиясында қаралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906185-pavlodarda-kopsilik-tyndauda-keibir-koselerdi-qaita-atau-boiynsa-usynystar-talqylandy/