Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырылған

Жарияланған күні:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Елде солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы бойынша 20 іс тергеуге алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Елдегі солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды.
  • Бас прокуратура мәліметінше, жалған құжаттар мен адамдарды пайдалана отырып, қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы теріс пайдаланылған.
  • Бұл фактілер бойынша 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталып, кінәлілерді жауапкершілікке тарту және залалды өтеу шаралары қабылдануда.

Бас прокуратура мәліметінше, прокуратура органдары азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына талдау жүргізген.

Осылайша, жалған құжаттарды пайдалана отырып, азаматтарды жалған қоныс аудару жолымен 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыру және оны теріс пайдалану фактілері анықталды.

Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған, ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған көрінеу тұруға жарамсыз немесе апатты ғимараттарға рәсімделген.

Бас прокуратура кейбір жағдайларда азаматтар өздерінің құжат бойынша қоныс аударылғанын білмегенін де хабарлады. Мұндай фактілер ШҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында анықталған.

"Мысалы, Павлодар облысының Успен ауданында "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің қызметкері арзан үйлерді тауып, қоныс аударушыларға жоғары бағамен сатуды ұсынып, мемлекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін өзіне қалдырып отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, орталықтың қызметкері үйқамаққа алынды.

ШҚО-да қоныс аударушылар мен сатушылар арасында сөз байласу жағдайлары анықталды, олар мемлекеттік көмекті алу үшін жалған шарттар жасап, одан кейін бұл қаражатты бөліскен. Одан әрі азаматтар бұрынғы мекенжайларында тұра берген", -делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүт ауданында қоныс аударушы үйдің нақты бағасы мен мемлекеттен төленген қаражаттың арасындағы айырмашылықты иемденіп алғаны белгілі болды.

Күдікті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан шектелді. Жалпы прокурорлар 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады.

Тергеу барысында қатысы бар барлық адамдарды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шаралары қабылдануда. Нормативтік актілердегі олқылықтарды жоюжәне бағдарламаны іске асыруды бақылау жүйесін күшейту мақсатында Үкіметке қадағалау актісі енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160664-elde-soltustik-ongirlerge-qonys-audaru-bagdarlamasy-boiynsha-1-mlrd-tenggeden-astam-qarazhat-zhymqyrylgan/