Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты жел салдарынан Астанадан Ақтауға ұшатын рейс кешіккен

Жарияланған күні:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

12 қыркүйекте Астана әуежайында FlyArystan ұшағының Ақтау қаласына рейсі кеш ұшты. Әуе тасымалдаушысы мұның себебін түсіндірді, деп KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

FlyArystan мәліметінше, KC 7375 Астана-Ақтау рейсі 2024 жылғы 12 қыркүйекте Ақтаудан ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіккенін хабарлады.

Ұшақ Ақтаудағы ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіккен. Қалада қатты жел тұрып, ұшуға және қонуға мүмкіндік болмаған. Сонымен қатар қазіргі уақытта Ақтау қаласының әуежайында бір ғана жолақ жұмыс істейді, екіншісі жөндеуге жабылған.

"Рейстер 12 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 21:41-де ұшты. Осы рейстің жолаушыларына сусындар мен ыстық тамақ берілді. Біз жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету FlyArystan-ның басты басымдығы екенін еске саламыз", - деді компания.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек ұшақтардың кешігуіне байланысты отандық әуекомпанияларына халықтың наразылығы көп екенін айтты. Ол жиі кешігетін ұшақтарды лицензиядан айыру керек екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160949-qatty-zhel-saldarynan-astanadan-aqtauga-ushatyn-reis-keshikken/