Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудан Алматыға ұшып шыққан Air Astana ұшағы кері қайтуға мәжбүр болды

Жарияланған күні:

Әуе кемеесі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырау – Алматы бағытында ұшып шыққан Air Astana әуекомпаниясының ұшағы қозғалтқыштан шыққан ақау салдарынан Атырауға қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"16 қыркүйекте Атырау – Алматы бағыты бойынша KS878 рейсін орындаған Airbus A321 ұшағы 11:05-те ұшып шыққан. Алайда қозғалтқыштағы ақау туралы ақпаратқа байланысты экипаж Атырау әуежайына қонуды шешкен. Ұшақ штаттық режимде сағат 12:21-де әуежайға қонды", - делінген әуекомпания хабарламасында.

Жолаушылар ыстық тамақ пен сусын алып, бүгін сағат 15:38-де FlyArystan ұшағымен ұшқаны хабарланды.

Айта кетейік, бұған дейін қатты жел салдарынан Астанадан Ақтауға ұшатын рейс кешіккенін жазған едік. 12 қыркүйекте Астана әуежайында FlyArystan ұшағының Ақтау қаласына рейсі кеш ұшты.

Бірер күн бұрын Ақмола облысында ұшақ көлік жүретін жолға қонған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162026-atyraudan-almatyga-ushyp-shyqqan-air-astana-ushagy-keri-qaituga-mazhbur-boldy/