Екібастұзда жылыту маусымы басталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЕкібастұзда әлеуметтік сала нысандарын жылыту маусымы 16 қыркүйектен басталды. Ал 21 қыркүйектен бастап көпқабатты үйлерге кезең-кезеңімен жылу беріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
"Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары! Қалалық әкімдіктің қаулысына сәйкес Екібастұзда 16 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталады. Жылуға бірінші кезекте әлеуметтік сала объектілері қосылады.
21 қыркүйектен бастап көпқабатты үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталады. 16-23 қыркүйек аралығында жеке тұрғын үй секторын жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосу жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда әкімдік өкілдері жылыту маусымы қашан басталатанын айтқан еді.
Сонымен қатар Астанада жылыту маусымы қашан және қандай ауа райы жағдайында басталатыны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162271-ekibastuzda-zhylytu-mausymy-bastaldy/