Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Медеу ауданындағы бір қиылыс уақытша жабылмақ

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бір тәулікке Медеу ауданындағы бір қиылыста көліктер жүре алмайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Алматы жылу жүйелерінің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылдың 18 қыркүйегі сағат 7:00-ден 19 қыркүйек сағат 7:00-ге дейін Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында автокөліктердің қозғалысы тоқтатылады.

Қиылыста қозғалыс екі бағытта да жабылмақ.

"Ұзындығы 305 метр құбырды ауыстыру жүмыстарынан кейін асфальт-бетон жамылғысын қалпына келтіру керек. Уақытша шектеулер осы себеппен енгізіледі. Құбыр 5 көпқабатты тұрғын үйді және 4 өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді", - деп нақтылады компания өкілдері.

Жабылатын көшелер
Жабылатын көшелер. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін әкімдік Алматыда қазан айының ортасына дейін Бекмаханов көшесінің бір жолағын жапқанын айтқан. Оған су құбыры мен кәріз желілерін салу жұмыстарының басталуы себеп.

Сонымен қатар, 17 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін Бостандық ауданындағы Бұқар жырау бульварында Байтұрсынов көшесінен Марковқа дейін көлік жүре алмайды. Жол жылу желілеріндегі ақауларды жөндеу үшін енгізілген. Ақаулар гидравликалық сынақтар кезінде анықталған.

Ал Бостандық ауданындағы бірнеше ғимарат пен тұрғын үй бір күнге салқын судан ажыратылмақ. Шектеулер жаңа су құбырының іске қосылуына байланысты енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162433-almatyda-medeu-audanyndagy-bir-qiylys-uaqytsha-zhabylmaq/