Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропадағы су тасқыны: "Болашақ" қазақстандық студенттерге үндеу жасады

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық және Шығыс Еуропадағы қолайсыз ауа райына байланысты "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы қазақстандық студенттерге үндеу жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бағдарламаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Орталық және Шығыс Еуропада "Борис" дауылының әсерінен жауын жауып, су тасқыны болды. "Болашақ" бұл жағдайды мұқият қадағалап, өңірде оқып жатқан стипендиаттармен хабарласып жатқанын айтты.

"Дауыл Польша, Чехия, Австрия, Словакия және Венгрия елдеріне әсер етті. Бұл елдерде "Болашақ" бағдарламасы және ғылыми тағылымдамалар аясында 15 Қазақстан азаматы оқып жатыр. Барлық стипендиаттар қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етілген және жергілікті биліктің ұсыныстарына сәйкес әрекет етіп жатыр.

Қазір біздің студенттер арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кураторларымыз олармен байланыста. Барлық сақтық шараларын сақтауды және өз қауіпсіздігіңіз үшін байланыста болуды сұраймыз", - делінген хабарламада

Өткен аптаның соңында Орталық Еуропа елдерінде толассыз жауған нөсерден кейін су тасыған. BBC орыс қызметінің мәліметінше, Румынияда табиғи апат салдарынан төрт адам қаза тапқан.

Кейінірек бұл елдерде су тасқынымен күресу үшін қорғаныс құрылыстарын нығайтып жатқаны хабарланған. Мыңдаған үйді су басып, зардап шеккен.

17 қыркүйекте орталық Еуропада өткен демалыс күндері су тасығанда қаза тапқандар саны 16 адамға жеткен. Чехия, Польша және Австрияда да мерт болғандар бар. Румынияның шығысында ауылдар солайымен су астында қалды.

Биыл мамырда Индонезияда да жойқын су тасқыны болған. Сол кезде 40-тан астам адам қаза тапқан. Кейіннен мерт болғандар саны 78 адамға жеткені белгілі болды.

Сәуірде Қытайдың ең тығыз қоныстанған провинцияларының бірі Гуандунда су тасқыны болды. Шамамен 60 мың адам өз үйлерінен эвакуацияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162487-europadagy-su-tasqyny-bolashaq-qazaqstandyq-studentterge-undeu-zhasady/