Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 500 аялдамаға атау берілді

Жарияланған күні:

Шымкент аялдамасы
Шымкент аялдамасы. Фото: ontustiktv.kz

Биыл 500 аялдамаға атау беріліп, 200-ге жуығына нұсқаулық қойылды. Енді тұрғындар мен қала қонақтары барар бағытын оңай таба алады. Сондай-ақ "Гүлжан" аялдамасына пилотты режимде автобустың келу уақытын көрсететін электронды табло орнатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ontustiktv.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай жаңашылдық қала тұрғындарын қуантпай қоймады. Аялдамада тұрып асыққандар енді өз маршрутының қанша минутта келетінін нақты біліп отырады. Автобустардың қозғалыс кестесін көрсететін табло кез келген ауа райында жұмыс істейді және ондағы мәліметтер нақты көрсетеді.

"Көп күтіп отырмайсың. Осыған қарап шығасың. Сырттан келген адам болса өте ыңғайлы да ол. Біз сияқты өзіміз білеміз ғой аялдаманы. Сыртан келгендерге қиын. Адасып кетуі мүмкін", - дейді қала тұрғыны Нұрайым Безатова.

Тарнспорт басқармасы ақпараттық LED экранды әзірге бір ғана аялдамада орнатқан. Пилотты режимде қойылған электронды кестенің тиімділігі артса, өзге де күту бекеттеріне орнатылмақ. Жоба жеке инвестор есебінен жүзеге асып отыр.

"Қаламызға пилоттық режимде бір автобус маршруттарының келу уақытн көрсететін табло орнатылды. Таблоның қызметі нақты автобустың қай уақытта келетіні туралы тұрғындарға анықтама береді", - деп түсіндірді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Сапар Әділ.

Қалада 1900 аялдама бар. Биыл орталық көшелердегі 500 күту павильонына атау берілді. Тұрғындардың жүріп-тұруын ыңғайластыру үшін 200 аялдамаға бағыт-бағдар көрсететін арнайы нұсқаулық қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162557-shymkentte-500-aialdamaga-atau-berildi/