Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керейлер мен қазіргі кіші жүз Керейіттері арасында байланыс жоқ": ғалымдар қазақ руларын зерттей бастады

Жарияланған күні:

Қазақ даласы
Қатар тізілген киіз үйлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақ руларына генетикалық зерттеулер жүргізіле бастады. Қазақстандық генетиктер этникалық қазақтардың ДНҚ сараптамасын алып, арнайы талдау жасаған. Бұл туралы 24.KZ арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, ғалымдар қазақ руларын зерттеуді Керей руынан бастаған. Бұған дейін ел тарихшылары Керей мен кіші жүз құрамына кіретін Керейіт руының түп атасы бір деген болжам айтып жүрген еді.

Мұны жас ғалым Мақсат Жабағин жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, қазақстандық генетиктер Қазақстан, Моңғолия, Қытай және Ресейде тұратын 200-ден астам Керей руына жататын этникалық қазақтардың ДНҚ сараптамасын алып, арнайы талдау жасаған.

"Нәтижесін айтатын болсақ, керейлермен қазіргі кіші жүздің керейіттердің арасындағы әке жақтан генетикалық байланыс жоқ. Екеуі екі түрлі. Әке жақтан генетикалық тармақтары бөлек. Уақ, Қаракерей, Сіргелі сияқты әртүрлі шежірелерде көрсетілетін варианттарда да оның астарында байланысы жоқ екенін, басқа рулармен салыстарғанда Керейлердің Үйсін руымен жақын екенін көрсеттік", - дейді адам генетикасы лабораториясының жетекшісі, ғалым Мақсат Жабағин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2162775-kereiler-men-qazirgi-kishi-zhuz-kereiitteri-arasynda-bailanys-zhoq-galymdar-qazaq-rularyn-zerttei-bastady/