jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысының полиция қызметкерлері ерекше түнгі рейд өткізді

түнгі рейд
Кофе таратқан полицейлер. Фото: otyrar.kz

Түркістан облысының полици қызметкерлері жол-көлік оқиғасын бодырмау мақсатында ерекше түнгі рейд өткізді. Олар жүргізушілердің ұйқысын ашу үшін кофе таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғалары көбінесе қас қарайған уақытта болады. Бұл уақытта жолдың анық көрінуі төмендейді, жүргізушілер шаршап, соның салдарынан болатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс полицейлері ерекше түнгі рейд өткізді.

Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау үшін республикалық маңызы бар тасжолдарда, Түлкібас, Сауран шеп бекеттерінде қызмет атқарып, жолда жүрген жүргізушілердің ұйықтап кету фактілерін болдырмау, ұйқысын ашу мақсатында кофе таратты.

Жол үстінде кетіп бара жатқан алысқа қатынайтын ауыр жүк көліктері, жолаушы тасымалдаушы автобустар, жеңіл көліктерді тізгіндеуші әрбір тұрғынмен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері ерекше түнгі рейд өткізді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.