Тұман түсіп, үсік жүреді: еліміздің бірқатар өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірқатар өңірінде 19 қыркүйекте тұман түсіп, үсік жүреді, кей жерлерде төтенше өрт сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Астанада 19 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Ертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең түнде Қарағанды облысының шығысында 2 градус үсік жүреді деп болжанжы. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
19 қыркүйек Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 18 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ертең Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Бейсенбі Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады.
19 қыркүйекте Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай ойнайды деп болжанды. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
19-21 қыркүйекте Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
19 қыркүйекте Маңғыстау облысы бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Бейсенбі түнде және таңертен Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с болады.
Ертең түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
19-20 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді.
Ертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Бейсенбі түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді.
19 қыркүйекте түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163114-tuman-tusip-usik-zhuredi-elimizding-birqatar-ongirinde-kun-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/