Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы шекара бекетінде атылған оқ: оқиғаға қатысты сот шешімі шықты

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Былтыр желтоқсанда "Қиялы" заставасында болған шекарашылар арасындағы жанжал әскери сотта жабық түрде қаралды. Қылмыстық іс бойынша сотталушы үш жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудараралық әскери сотының хабарлауынша, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Шекара заставасында қайғылы жағдайда қаза болған әскери қызметкердің өліміне қатысты төрт бірдей қалада сот-психологиялық, психиатриялық сараптамалар жүргізілген.

"ҰҚК Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің "Қиялы" шекара қызметінің әскери қызметшісі Б. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен, яғни, адам өлтірді деген айыппен сотқа берілді. Сотта анықталғаны – жәбірленуші жүйелі түрде Б.-ға құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған. Аталған мән-жайлар куәлердің жауаптарымен дәлелін тапты. Сонымен қатар іс бойынша Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында сот-психологиялық, психиатриялық сараптамалар жүргізіліп, сарапшылар Б. қылмыс жасаған уақытта аффект жағдайында болды деген қорытындыға келді. Сот отырысында 5 сарапшыдан жауап алынды. Барлығы бірауыздан Б.-ның аффект жағдайында қылмыс жасағандығын бекітті. Сот іс материалдарын зерттеп, сарапшылардың қорытындыларын негізге алып, Б.-ның іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 101-бабының 1-бөлігіне саралады.

Сотталушы 2023 жылғы 2 желтоқсанда аффект жағдайында адам өлтірді. Атап айтқанда жәбірленушінің жүйелі түрде құқыққа қайшы мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканың күйзелісінен болған. Кенеттен туындаған қатты жан күйзелісі салдарынан болған аффект жағдайында жасалған адам өлтіру. 2024 жылдың 13 қыркүйегінде сот үкімімен Б. Қылмыстық кодекстің 101-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды" - деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудараралық әскери сотының баспасөз қызметі.

Сотталушы жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Сотталғаннан моральдық зиян өндірілді. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға өткен жылдың 2 желтоқсанында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы "Қиялы" шекара бекетінде болды. Әскерилер арасындағы жанжал кезінде шекарашы Мәтжан Жанесов көз жұмды. Мерт болған шекарашының туыстары оқиғаға қатысты пікірін білдірген еді.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163120-aqtobe-oblysyndagy-shekara-beketinde-atylgan-oq-oqigaga-qatysty-sot-sheshimi-shyqty/