jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысының тұрғындары қаруларын тапсырды

Суық қару
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысында атыс қаруын қолдана отырып жасалған құқық бұзушылық, қылмыстарының алдын алу мақсатында арнайы акция өтті. Тұрғындар полицияға 100 қару тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 100 қару тапсырды. Ішкі істер министрлігі нұсқаулығына сәйкес қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен атыс қаруын қолдана отырып жасалған құқық бұзушылық, қылмыстарының алдын алу мақсатында арнайы акция өтті.

Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өтіп жатыр. Жыл басынан бастап бүгінге дейін облыс бойынша 76 азамат полицияға өз еркімен 100 атыс қаруын тапсырды. Оның ішінде 10-ы – кіші ойық ұңғылы мылтық болса, 90-ы – тегіс ұңғылы мылтық.

Сонымен қатар тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға орта есеппен 70 мың теңгеден 123 мың теңге аралығында қарудың жарамдылығына қарай ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ акция барысында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды тапсыруға кеңес береді.

Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Түркістан облысының тұрғындары қаруларын тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.