Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысынан солтүстікке қоныс аударғандардың жай-күйімен танысуға арнайы жұмысшы топ барды

Жарияланған күні:

Солтүстікке қоныс аударған тұрғындар
Солтүстікке қоныс аударған тұрғындар. Фото: gov.kz

Көшіп барған азаматтардың жай-күйімен танысу мақсатында түркістандық арнайы жұмысшы тобы теріскейге барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерінен солтүстікке қоныс аударған азаматтар саны жыл санап артып келеді. Бұған себеп - мемлекет тарапынан барлық қолайлы жағдай жасалып, тұрақты жұмыс орындарының ашылуы. Көшіп барған азаматтардың жай-күйімен танысу мақсатында түркістандық арнайы жұмысшы тобы теріскейге барды.

Олар алдымен Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында аға дәрігер болып жұмыс істейтін Аян Ерханұлымен кездесті. Түркістан облысы, Кентау қаласының тумасы теріскейге осыдан 5 жыл бұрын қоныс аударған. Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ түлегі 5 жыл ішінде ауа райына әбден үйренгенін айтып, өзге жерлестерін де қоныс аударуға шақырды.

Одан соң жұмысшы топ өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі - "Элеватор Тайынша" ЖШС-да болды. Аталған нысанның директоры - Түркістан облысы Түлкібас ауданында кіндік қаны тамған Шыназбек Балқыбек. Қазір кәсіпорын теріскей тұрғындары мен күнгей өңірден қоныс аударған азаматтарға қолдау білдіріп, олардың еңбек етуіне мүмкіндік жасап отыр. Бүгінгі таңда оңтүстік өңірден көшкен 30-дан астам азамат кәсіпорыннан тұрақты жұмыс тапқан.

Жұмысшы топтың келесі сапары Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылы болды. Онда сарыағаштық Усмановтар жанұясы "Шымкент" атты кафе ашып, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Олар бұл өңірге 2017 жылы қоныс аударған. Жеке кәсібін ашып, несібесін көріп отырғандар қатарында Қасым Амангелдин де бар. Шымкенттік жігіт бүгінде Петропавл қаласының қақ ортасынан ер жігіттерге арналған шаштараз ашып, солтүстікке әбден бейімделіп үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163159-turkistan-oblysynan-soltustikke-qonys-audargandardyng-zhai-kuiimen-tanysuga-arnaiy-zhumysshy-top-bardy/